ШИЕЛІДЕ АУДАНДЫҚ КЕҢЕСТІҢ БІРІККЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Шиелі ауданы әкімдігі жанынан жастар саясаты мен патриоттық тәрбие беру жөніндегі аудандық кеңес ауқымды жұмыс жасауда. Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында жастар саясаты мен патриоттық тәрбие беру жөніндегі аудандық кеңестің біріккен отырысы болып өтті. Кеңес отырысына кент және ауылдық округ әкімдері, мекеме, ұйым басшылары мен кеңес мүшелері қатысты.
Кеңесте 2014 жылы жастар саясаты өңірлік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету және жастарды жұмыспен қамту мақсатында атқарылған жұмыстар туралы баяндамалар оқылды. Сондай-ақ, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмысқа қарсы күрес мақсатында атқарылған жұмыстар туралы мәселелер қаралып, тиісті сала басшылары атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді.
Шынар БЕКБАН