Ы.ЖАҚАЕВТЫҢ ТУҒАН АУЫЛЫНДА МУЗЕЙ АШЫЛМАҚ
Биыл Сыр өңірінде Ыбырай Жақаевтың 125 жылдық мерейтойы аталып өтпек, деп жазады kaztrk.kz.
Мерейтойға орай еңбегімен ел есінде қалған даңқты диханның туған ауылында жеке музейі ашылады деп жоспарлануда.
Бүгінде Шиелі ауданының орталығында Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі жұмыс істеуде. Музей қорында күріш дақылынан рекордтық өнім алған дала академигі туралы сыр шертетін мыңнан аса құнды жәдігер сақтаулы.
Енді, экспонаттардың көбі дән атасы Ыбырайдың атындағы туған ауылынан ашылатын жаңа музейге берілмек.