ШИЕЛІЛІК ӨНЕРПАЗДАР АЛМАТЫДАН ТАБЫСТЫ ОРАЛДЫ
3 мамыр күні Алматы қаласында вокальды-хор өнерінен халықаралық «Алматы көктемі-2016» конкурсы тартысты өтті. Конкурста аудан намысын қорғауға барған Шиелі аудандық әуез мектебінің «Жас қанат» хоры жүлделі ІІІ орынды иеленіп келді.
Құрамы 12-15 жас аралығындағы 30 оқушыдан құралған хор Ақан серінің «Қара торғай», В.Моцарттың «Волшебная флейта», «Откуда приятный и нежный тот звон», Н.Мизамбаев пен Р.Қилыбаевтың әні мен сөзіне жазылған «Қазақстан құт мекенім» атты әндерін орындап Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінен, өзіміздің Алматы, Шымкент қалаларынан келген әділқазылардың көңілдерінен шықты. Әнипа Мұсабаеваның жетекшілігінің арқасында «Жас қанат» хоры бұған дейін де бірнеше байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Көктем мезгілінде Тараз қаласында өткен «Қош келдің, Наурызым!» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқауында бас жүлде алған жерлестеріміз бұл жолы да сенім үдесінен шыға білді.