ДИҚАНДАР ЖЕРДІҢ ҚҰНАРЫН САҚТАУДА
«Төңкеріс К» шаруа қожалығы егістікті әртараптандыруға ерекше көңіл бөлуде. Бұрындары күріштіктің көлемін көбейтуге асығатын диқандар қазір егістіктің елу пайызын өзге дәнді дақылдарға арнап отыр, деп хабарлады «Қазақстан Қызылорда» телеарнасы.
Шиелі ауданындағы «Төңкеріс К» шаруа қожалығы 2014 жылы құрылған. Шаруашылық тізгінін Бауыржан Көпеевтің де қолға алған тұсы осы кезең. Қазірде мұнда 115 адам тұрақты еңбек етеді. Қожалықтың 1600 гектар егістік алқабының 800 гектары күріштік. Егістікті әртараптандыруға көңіл бөлген қожалық бүгінде сыр салысымен бірге бидай, мақсары егеді. Мұнан бөлек мал азығын дайындауды да қолға алған.
Егін шаруашылығын әртараптандыруға көңіл бөлген дихандар алқаптарды жыл сайын ауыстырып отырады. Ол жердің тозуын тежеп, құнарын сақтауға септігін тигізеді дейді. Тракторды тізгіндегеніне қырық жылдан асқан Сабырхан Нұрманов білікті механизатордың бірі. Алпысты алқымдаған еңбеккер жан дала жұмысына кірісер уақытта күн сайын техниканың дайындығын түгелдей тексеріп шығады.
Себілетін дән шаруашылықтың қырманында дайындалып, арнайы апараттан өтеді. Ол дәнді зиянкестерден сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге «бұл күріштің өнімділігін арттыруға да едәуір әсер етеді» дейді шаруалар. Өткен жылы мұнда тұқым шаруашылығы құрылған. Осы арқылы дихандар Ресейден күріш сорттарын әкелуге қол жеткізіп отыр. «Лидер» және «фаворит» сорттарын егуді жоспарлаған қожалық төрағасы күзгі өнімді өткізетін инвесторлармен де келісімді алдын-ала жасады. Өткен жылы шаруашылық күріштің әр гектарынан 46 центнерден өнім алған. Биылғы меже мұнан да жоғары.