ШИЕЛІДЕ ӘКІМДЕРДІҢ ЕСЕП БЕРУІ ӨТКІЗІЛУДЕ
Шиелі ауданында әкімдердің тұрғындар арасында есепті кездесулерін басталып кетті. Қаңтар айының 14 мен ақпан айының 3 аралығында жоспарланған есепті кездесу, қазіргі таңда 17 елді-мекенде өтті.
Жалпы былтырғы қой жылы ауданның ырысын арттырып, берекесін байытқан жыл болды десек артық айтқандық болмас. Ауданымызда әр салада іргерулер болып, көптеген түйінді мәселелер шешімін тапты. Бүгінгі күні аудан, ауыл басшылары өткен күннің еселі есебін халық алдында беріп, алдағы жоспарын ұсынуда. Есепті кездесу барысында тұрғындар тарапынан сауалдар да жоқ емес. Бірі елдің мұңын айтса, енді бірі жеке басының сауалдарын қоюда. Тұрғындар қауымынан түскен сауалдарға аудан басшысы көтерілген мәселелердің шешілу барысын айтып өтті. Аудан әкімі Қайратбек Сарсенбаевтың Жөлек ауылдық округінің тұрғындарымен есепті кездесуі барысында ауылдық әкімдік ғимаратының тұсауы кесілді. Құрылыс жұмыстарына аудан бюджетінен 27 млн теңге қаржы бөлінген әкімдік ғимаратының құрылысы былтырғы жылы басталған болатын.