ШИЕЛІ АУДАНЫ ЖАСТАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ФОРУМЫ ӨТТІ
Жастар саясаты саласында өңірде жасалған жұмыстарды қорытындылау, келесі жылға атқарылатын мақсаттар мен міндеттерді айқындау мақсатымен Шиелі ауданында жастар форумы өтті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Форум барысында аудан әкімі бастаған қонақтар оқушылардың ғылыми жобалар жұмыстарымен танысты. Форумды алғаш боп аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев ашып, жастарды құттықтады. Форум барысында ауданның бірқатар көшбасшы жастары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Айта кету керек, мемлекеттік жастар саясаты бағытына аудандық бюджеттен 5 млн теңге қаржы бөлініп, бірқатар әлеуметтік жобалар іске асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артық. Жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жыл басынан 54 маманға көтерме жәрдемақы, 45 маманға тұрғын үй алу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Ал с"Жасыл ел" жасағы бойынша биыл 110 жас, құрылыс жасағы бойынша 68 жас маусымдық жұмысқа тартылды.
Шынар БЕКБАН