ШИЕЛІДЕ АРДАГЕРЛЕР ӨЗАРА САЙЫСТЫ
Шиелі ауданы ардагерлері арасында өнер байқауы өтті. Ішкі саясат бөлімі қолдаған шараға ауылдық округтерден ән айтып, күй тартатын, қаламды серік еткен жандар қатысты, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Үш сағатқа созылған өнер байқауының нәтижесінде П.Ізімбетұлы, Т.Дүйсебеков, Д.Оразымбетова 3-орынды қанағат тұтса, Ш.Ибрагимова мен М.Әнуарбекова 2-орынды иеленді. Жөлек ауылдық ардагерлер ансамблі 1-орынды жеңіп алды. Қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.