ШИЕЛІЛІК ДИҚАНДАР КҮРІШ ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛЫН ТАПТЫ
Шиелі ауданының Төңкеріс ауылдық округіндегі шаруа қожалығы күріш сортының биологиялық жоғары шығымдылығын сақтап қалудың жолын тапты. Қырық жыл қолданыста болған ескі қондырғыны жаңартып, еңбек өнімділігін арттырмақ.
«Хабар» телеарнасының тілшісі хабарлағандай, жаңа қондырғыны Беларусь елінен сатып алған. Осылайша диқан қауымы Сыр салысын баптаудың бейнетін артқа тастап, инновацияға иек артып отыр. Енді өнімділік пен сапаның артатынына сенімді. Оған қоса егін науқанына жұмсалатын шығын да айтарлықтай азаяды.
Шаруашылықтың бас агрономы Әбу-Асан Түлеуовтің айтуынша, 800 гектарға шаққанда 24-25 тонна үнемдеуге болады екен. Сонымен өнімділік артады. Ал шаруа қожалығының төрағасы Бауыржан Көпеев: «Былтырғымен салыстырғанда қазір мен 2 есе үнемдеу жасап тұрмын. 20-30 миллион теңге. Тұқымнан пайда келтірдім. Қазір 600 тонна тұқым дайындадым. 200 тоннасын өзімізге, 400 тоннасын шаруашылықтарға сатуға дайындаймын», - дейді.