«АЛТЫН АДАМ» – ШИЕЛІДЕ
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі қорындағы ең құнды «Алтын адам» артефактісі Шиелінің Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейіне әкелінді, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Дала академигі Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған көрмеге өткен дәуірдің мәдениеті мен рухын бүгінге алып жеткен «Алтын адамның» қойылуы көңіл қуантады. Шын мәнінде тарихи мұра ел ішін аралауды республика бойынша бірінші боп Шиелі өңірінен бастап отыр.
Сыр жұртшылығы көрмені бір ай бойы тамашалай алады. Мұнымен қоса тағы қырық шақты жәдігер бар.
Сыр жұртшылығы көрмені бір ай бойы тамашалай алады. Мұнымен қоса тағы қырық шақты жәдігер бар.