ҚЫЗЫЛОРДАДА БҰҰ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛҒАН БАЛАБАҚША БАР
Қызылорда облысының Шиелі ауданында өз-өзін көкөніспен қамтып отырған балабақша бар. Тәлім ордасының ауласындағы жылыжай Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы аясында іске қосылды, деп хабарлады «Хабар» арнасы.
Құны 2 миллион теңгегедан асқан гранттық жоба ел көлемінде қолға алынған азық-түлік қауіпсіздігін сақтау шараларының шағын үлгісіндей. Жылыжай күн сәулесімен жылытылады. Қазір мұнда қияр, қызанақ, сәбіз, сарымсақ пен бұрыш секілді көкөністің түр-түрі өсіп тұр.
Осы жерден жиналған өнім күнделікті балалар тағамының құнарын байыту мақсатында пайдаланылады. Артылғаны арзан бағамен ауылдықтарға сатылып, түскен қаржысы ойыншық пен әдістемелік құралдар алуға жұмсалады. Оларды жинауға арнайы бағбандармен бірге балақайлар да ат салысады екен. Тәрбиешілер кішкентайларды өсімдік әлемімен таныстырудың және еңбекке бейімдеудің оңтайлы әдісін тапқан.
-Қазір енді өздеріңіз білесіздер, нарық шарықтап тұр ғой. Бірақ осы нарыққа байланысты ата-ананың төлем жарнасы бір күнге бір балаға 250 теңге болса, біз ешқандай өзгерткен жоқпыз. Одан қалса, бұрынғы дәрумендерге бөлінетін қаржы үнемделіп, басқа тәттілер түрлерін алып пайдалануға тиімді болып тұр, - балабақша меңгерушісі Ләззат Пәрменқұлова.