ШИЕЛІ СОТЫНДАҒЫ СЕМИНАР-САБАҚ
Шиелі аудандық сотында Қызылорда облыстық және аудандық сот судьялары, сот қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабағы өтті.
Облыстық соттың сот приставы Б.Қошанов сыбайлас жемқорлыққа байланысты жұмыс барысында құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары жайлы баяндама жасады. Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылатынын, қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұруға болатындығы жайында атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңының жалпы ережелеріне тоқталды.
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі