ШИЕЛІДЕ ЖАСТЫҚ ТАЗАЛАУ ШАҒЫН ЦЕХЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Қызылорда облысының Шиелі ауданында мүкіндігі шектеулі бастауыш кәсіпкер Тамара Ақмағамбетованың жастық тазалау және қайта қалпына келтіру шағын цехының ашылу салтанаты өтті.
Еске сала кетсек, үстіміздегі жылы Тамара Ақмағамбетова «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында өзінің инновациялық жобасын жүзеге асыруға 1 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант жеңіп алған болатын. Құны 3 млн теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар мемлекет тарапынан өзінің жаңашылдығымен ерекшеленетін бизнес-идеяларды қолдауға беріледі.
Осы уақыт аралығында кәсіпкер Даму Қоры қызметкерлерінің қолдауымен өз цехын іске қосу бағытында құжаттар дайындап, Ресейден қондырғы күткен болатын. Қазіргі таңда жаңа қондырғы тапсырысқа сәйкес цехқа жеткізіліп, пайдалануға толықтай дайын. Жастықтарды химиялық тазалаудан өткізетін цех Шиелі ауданы үшін ең алғашқы жаңашыл жоба болмақ. Тамара Ақмағамбетованың айтуынша, БАҚ өкілдерімен жоба туралы ақпарат шыққалы, аудан тұрғындарынан цехтың қызметіне осы күннің өзінде-ақ сұраныс артып отыр. Цехтың ашылу рәсіміне арнайы келген қонақтарға жаңа қондырғыда жастық тазалау процесі көрсетілді. Өңдеу барысында жастықтың ішіндегі қауырсындар ултракүлгін сәулесіне шалдығып, кептіру арқылы қоқыс пен қауырсындар бір-бірінен ажыратылды, содан кейін тазартылған қауырсындар жаңа жастық қабына, ал тастар, құм, шыбық секілді қоқыстар, қондырғының арнайы бөліктеріне жиналды. Қайта өңдеу барысында жастық тек қана тазартылып қоймай, өзінің байырғы пайдалы қасиеттерін қалпына келтіреді екен. Қонақтар алдында ескі жастық, жап-жаңа, көлемді, әрі жеңіл болып шыға келді.
- Менің өз бизнесімді ашу бойынша бастамаларым оңалту орталығында Даму Қоры қызметкерлері өткізген ақпараттық семинарға қатысудан басталған болатын. Шынын айту керек, семинар қатысушылары мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға шақырған мамандардың сөзіне сенімсіздікпен қарады. Бірақ мен өз күш-жігерімді жинап, неге берілген мүмкіндікті пайдаланбаймын деген ойға келдім. Міне, қазір өздеріңіз көріп отырғандай мен осындай жетістікке жетіп отырмын. Осының барлығы қажырлы еңбек, өзімен деген сенім және мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесі. Адам алдына қойған мақсатқа жету үшін барлық қиындықтарға төзуге дайын болу керек, тек сонда ғана табысқа жетуге болады, - деп бүгінде кәсіпкер атанып отырған Тамара апай өз ойымен бөлісті.
Атап өтсек, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер Тамара Ақмағамбетова өзімен қатар, тағы 2 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыс орнымен қамтиды және алдағы ауқытта кәсіпкер әйел өз ісін кеңейтіп, тағы да жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр.