ШИЕЛІДЕ ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕ ДӘРІХАНА АШЫЛДЫ
Бидайкөл ауылы тұрғындары үшін, үлкен қуаныш. 3 мыңнан астам халық мекен ететін елді-мекен тұрғындары үшін заманауй дәріхана ашылып, "Алтын күз" мерекесі өткізілді, деп хабарлады Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңа заманғы үлгімен жабдықталған дәріхананың иесі есімі осы ауылға танымал кәсіпкер, Фатима Аманова. Дәріхананың ашылу рәсіміне аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев келіп, аудандағы денсаулық сақтау саласына үлесін қосып отырған кәсіпкерге алғысын білдіріп, табыстар тіледі. Жаз бойы құрылыс жұмыстары қызу қарқынмен жүргізіліп, қазан айында қосылған дәріхананың іші кең, қажетті дәрі-дәрмекпен жабдықталған, келушілер үшін екі қызмет көрсету терезелері жасалып, 2 адамды жұмыспен қамтыды. Сонымен қатар, шараға келушілер "Алтын күз" мерекесін тамашалады. Мереке аясында мектеп оқушылары дайындаған дәнді-дақылдар мен жеміс-жидектерден жасалған түрлі бұйымдармен қатар, тағамдардан көрме тамашаласа, ауылдың жас спортшылары спорт түрлерінен қойылымдар қойып, келушілерге мерекелік бағдарлама ұйымдастырды.