ШИЕЛІДЕ 200-ДЕН АСА АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ
Халықты жұмыспен қамту, елдегі жұмыссыздық деңгейін шектеу бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Айтылған мәселені жою мақсатында өңірлерімізде ауқымды іс-шаралар атқарылып, еліміз бойынша оңтайлы бағдарламалар қабылданып, жүзеге асуда. Қабылданған бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындары да ашылып, ел нәпақа табуда.
Осы орайда, Шиелі ауданында да жұмыссыздық мәселесін шектеу мақсатында бір қатар шаралар атқарылуда. Жыл басынан бері 9 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, азаматтар жұмыспен қамтылуда. Берері көп шара бүгін де өз жалғасын тапты. Ұйымдастырылған жәрмеңкеге 90-ға жуық мекемелер мен кәсіпорындар бос жұмыс орындарын ұсынып, 222 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Бір айта кетерлігі тұрақты жұмысқа орналасқан адамдардың ішінде жазасын өтеп келген адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандар да бар.