ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ШИЕЛІ ХАЛҚЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Шиелі ауданында «Партияның 50 тұлғасы» жобасы аясында игілікті бірқатар шаралар өткізілуде. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Осы орайда аудан орталығында публицист, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері Айтбай Сәулебек пен оқырман қауымының қатысуымен «Тал бесігім - бал бесігім Тартоғай» атты кездесу кеші өтті. Кездесуге Елбасымен бірге Қазақстан Магниткасында қызметтес болған достары Қуаныш Омашев, Тоқтархан Ысқақов, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, белгілі журналист «Қазақстан-Маңғыстау» телекомпаниясының директоры Жанахмет Ағыбаев, «Үш қиян» баспасының директоры Махмұт Қосмамбетов, Қызылорда облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Роза Аяғанқызы секілді зиялы өкілдер келді.
Тарих тамыры терең біткен Шиелі өңірі талай тау тұлғалы азаматтарды дүниеге келтіріп, өсіріп-өндіріп, қанаттандырған мекен. Алты алаштың ардақтысы Мұстафа Шоқай, атақты әнші-палуан Иманжүсіп, Сыр сүлейлері Бұдабай, ағайынды Мәнсұр мен Нартай, қазақ ғылымы, әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілдері Әуелбек пен Қалжан Қоңыратбаев, Әбілда Тәжібаев, Шахмардан Есенов, Қалмақан Әбдіқадыров, және екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жақаев бастаған 41 Еңбек Ері бұл өлкенің киелілігін білдірсе керек. Бүгінгі ұрпақ өңірімізден шыққан даналарымызды мақттан тұтып, өнегелі өмір жолдарын дәріпттеп, насихаттаудан еш жалыққан емес.
Әсерлі кеш барысында Айтбай Сәулебекттің «Тарихы терең Тартоғай» атты энциклопедиялық кітабының тұсаукесер рәсімі өтіп, кеш қонақтары кітап авторы жайлы жылы лебіздер айтып, аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы оқырман қауымды құттықтап, кеш қонақтарына сый, сияпат жасады.