ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
Шиелі ауданында орналасқан «Сыр ұланы» тынығу лагерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық бөлімі қызметкерлерінің бастамасымен «Жастар жемқорлыққа қарсы» мәселесі бойынша еркін пікір алмасу үшін кездесу алаңы ұйымдастырылды. Кездесуге 70-ке жуық аудан жастары қатысты.
Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне көңілін аудару, құқықтық сауаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тұрғысында сөз қозғаған Департаменттің Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық бөлімінің консультанты Досхан Бектұрсынов Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары мен жүзеге асыру шараларын жастарға жіті түсіндіріп өтті.
Жастар арасында осындай шаралардың жиі өткізілуі сыбайлас жемқорлық құқықбұзушлықтардың алдын алуға үлкен сеп болатынын, қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет деп жеткізді. Жемқорлықты жеңудің жолы - бірігу, бірлесіп, қарсы тұру екенін баса айтты.
Өз кезегінде жастар қойылған сұрақтарына нақты жауап алып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатырған кешенді жұмыстардың оң нәтижеге жеткізетіндігіне сенімділіктерін білдірді.
Жалпы осындай кездесулерді жиі-жиі өткізіп отыру, бүгінгі таңда кезек күттірмейтін өзекті мәселе.