АУДАНДЫҚ СОТТА ОБЛЫСТЫҚ СОТ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Шиелі аудандық сотында Қызылорда облыстық сотының оқу орталығының ұйымдастыруымен «Үкімді орындауға байланысты мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс шараға Шиелі, Жаңақорған аудандық соттарының судьялары, Шиелі аудандық прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімінің, пробация қызметінің мамандары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында баяндама жасаған облыстық соттың судьясы Г.Дүйсенбаев үкімді орындауға байланысты мәселерлерді шешу тәртібін, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы мәселелерге тоқталды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар тақырып аясында туындаған сұрақтарды талқылап , өзара пікір алмасты.
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі