ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА ӨҢІРЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Шиелі аудандық сотында өңірлік семинар өткізілді. Қызылорда облыстық сотының оқу орталығының ұйымдастыруымен өткен семинарға облыстық соттың судьялары Г.Дүйсенбаев, Б.Қиязов, Шиелі және Жаңақорған аудандық сотының судьялары, Шиелі аудандық прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімінің, пробация қызметі және аудандық соттың кеңс қызметкерлері қатысты.
Семинарда облыстық соттың судьясы Б.Қиязов «Салық дауларына байланысты қаралған азаматтық істердің қаралу тәжірибесіне», судья Г.Дүйсенбаев «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» 25.06.2015 жылғы №4 нормативтік қаулысы» тақырыбында баяндама жасап, семинарға қатысушылармен тәжірибелерін бөлісті.
Талқыланған мәселенің өзектілігі жиынға қатысушылардың қызығушылықтарын туғызып, көтеріліп отырған тақырып бойынша олар өз пікірлерін қызу ортаға салды.
Семинар қорытындысында семинарға қатысқан судьялар баяндама бойынша туындаған қиыншылықтарды жою жолдарын айқындады.
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі