АҚПАРАТТЫҚ ТОП БАЙКЕНЖЕ АУЛЫНДА БОЛДЫ
Шиелі ауданы Байкенже ауылының тұрғындары, мектеп мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушылары арасында жат діни ағымдардан сақтандыру және алдын алу мақсатында өткен жиынға қатысты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
"Ақмешіт-Сырдария" мешітінің наиб-имамы Б.Улжаев пен "Құмсахаба" мешітінің имамы Е.Сейтжаппаров құрамына кіретін облыстық ақпараттық- насихаттық топ мүшелері №193 орта мектепте кездесу өткізді. Салиқалы жиын барысында дін өкілдері кездесуге келген жұршылықпен дәстүрлі емес діни ағымдардың теріс, еліміздің бірлігіне іріткі салу әрекеттері мен одан сақтану, мектеп бітірген жастардың діни сауаттылығын арттыру хақында әңгімелесіп, имандылық жөніндегі ойларын нақты мысалдармен келтіріп, ашық пікір алмасты.
Ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Р.Ибрагим бұл мәселенің өзектілігі мен мағыналы әңгімелері үшін топ мүшелеріне рахметін айтып, жиынды қорытындылады.
Ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Р.Ибрагим бұл мәселенің өзектілігі мен мағыналы әңгімелері үшін топ мүшелеріне рахметін айтып, жиынды қорытындылады.