ШИЕЛІ АУДАНЫНДА АУЫЛ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ «АЛТЫН КҮЗ» СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛАДЫ
Үстіміздегі жылдың 19-27 қыркүйек аралығында Шиелі ауданында ауыл спортшыларының XXIX «Алтын күз» облыстық спартакиадасы басталады. Жарысқа облыстың 7 ауданынан 1000-нан аса спортшы қатысады. Cайыс спорттың 15 түрінен волейбол, футбол, баскетбол, гандбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, гір спорты, қол күрес, үстел теннисі және президенттік көпсайыс бойынша өтеді.
Мақсаты - бұқаралық спортты дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауыл спортшыларының рухын көтеру, Елбасы жолдауынан туындайтын шараларды іске асыру. Аталмыш спорт ойындары ұлттық спорт түрлерін қайта жаңғыртып, тұрғындар арасында кеңінен насихаттауға, ауыл жастарын, достыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Спартакиаданың салтанатты ашылуы 24 қыркүйек күні сағат 19.00-де стадионда өтеді.