ШИЕЛІДЕ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫ АЯСЫНДА АЛҒАШҚЫ ЖАСТЫҚ ТАЗАЛАУ МИНИ-ЦЕХЫ АШЫЛАДЫ
Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны жеке кәсіпкер Тамара Ақмағамбетова «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірегей бағдарламасы аясында «Жастық тазалау мен өңдеу» атты жобасына 1млн.теңге қайтарымсыз грант ұтып алды.
Тамара Ақмағамбетова бірнеше жылдар бойы денсаулығы сыр беріп, мүгедек арбасына таңылған. Өзінің осы жағдайына қарамастан, тыным таппайтын Тамара апай үйінде екі немерені бағып отырған бақытты әже. Жыл сайын Талсуат ауылындағы Мүгедектерді сауықтыру орталығында ем алады және 2014 жылы кезекті ем алу кезінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламысымен танысып, ерекше жобаларға арнайы грант берілетіні жайлы да естіді. Жылдар бойы ойында жүрген жоспарын жүзеге асыруды қолға алу кәсіпкердің сауығуына қосымша мотивация болғаны рас, өйткені мүгедек арбасымен жылдар бойы қиналып жүрген Тамара Ақмағамбетова облыс орталығына құжаттар дайындауға келу барысында арбадан мүгедектердің жүруіне арналған қолтіреуішке ауысып, өз аяғын жұмыс жасатты. Аяққа тұрғанына қатты қуанған кәсіпкер өзінің бизнестегі алғашқы қадамдары туралы бөлісті.
-«Бизнес-Кеңесші» атты кәсіпкерліктің қысқа курсын естіген кезде бірден жазылып, оқудан өттім. Тренинг кезінде «Даму» қорының қызметкерлерінен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жайлы білдім, сондай-ақ бағдарлама аясында бастауыш кәсіпкерлерге берілетін қайтарымсыз грант жайлы естідім. Біздің ауданда жастықты сапалы өңдеу мен тазалаудан өткізетін арнайы мекеме жоқ және осы кәсіпті қолға алуды жөн көрдім. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандарымен бірлесіп, бизнес жоспарымды дайындадық. Конкурсқа қатыстым және грант ұтып алдым. Алдағы уақытта жоспарымды жүзеге асырып, аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуге жұмыс жасаймын»,- дейді Тамара Ақмағамбетова.
Грант ұтқан мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер жастықты сапалы өңдеу мен тазалаудан өткізуге арналған құрал-жабдықты Ресейлік компаниясынан сатып алуды жоспарлап отыр. Өндіріс кезінде тазалауға әкелінген жастық 20 минутта дайын болады, атап өтсек бірінші арнайы құрылғы көмегімен барлық шаң-тозаңнан арылтады. Осыдан соң жастықтың ішкі қаптамасы тігін машинасында тігіледі және үпіліктерді шығармайтын арнайы ТИК атты қатты және мықты мата да сатып алынады. Сондай-ақ келген клиент барлық өңдеу процесін өз көзімен бақылап тұрады. Кәсіпорында 2 қызметкер жұмыс жасайтын болады.