ШЫРЫНКҮЛ ҚАЗАНБАЕВА КҮРІШШІЛЕРГЕ АҚ БАТАСЫН БЕРДІ
Жаздың соңғы айы да жетіп, диқан қауымының ала жаздай еткен бейнеттерінің жемісін көрер уақыты да жетті. Кеше Шиелі ауданында Сыр салысына алғаш орақ түсті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Аталмыш науқанға аудан басшылары мен ардагерлер, дихандар қатысты. Шара барысында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев ауданда ауылшаруашылығы саласында жасалып жатқан оң істерге тоқталып, егіншілерге мол өнім алуларына тілектестігін айтса, Социалистік Еңбек Ері, Қызылорда облысының "Құрметті азаматы" Шырынкүл Қазанбаева жиын-терім жұмыстарын өз дәрежесінде жүргізіп, егін жинау науқанын ұйымшылдықпен атқару керектігін айтып, ақ батасын берді.
Айта кету керек, Шиелі ауданы бойынша биылғы егілген күріштің көлемі өткен жылғыға қарағанда едәуір ұлғайтылды. Өткен жылы 8600 га жерге күріш егілсе, биылғы жылы 10692 га жерге Сыр салысы егілді.
Айта кету керек, Шиелі ауданы бойынша биылғы егілген күріштің көлемі өткен жылғыға қарағанда едәуір ұлғайтылды. Өткен жылы 8600 га жерге күріш егілсе, биылғы жылы 10692 га жерге Сыр салысы егілді.