АҚПАРАТТЫҚ ТОП ШИЕЛІЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Саяси маңызы бар шара - «100 нақты қадам - баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты реформасы Шиелі ауданында да жүйелі жүргізілуде. Ұлт жоспарын халыққа кеңінен насихаттау мақсатында ақпараттық топтар өңірлерде тұрғындармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Осы орайда Бестам, Алғабас, Жиделіарық, Еңбекші ауылдық округтерінде тұрғындармен кездесу өтті. Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің, «Нұр Отан» партиясы, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында сала қызметкерлері елдің дамуын айшықтайтын Ұлт жоспарын түсіндіріп, көпшіліктің сауалдарына жауап берді.
Кездесу барысында сала қызметкерлері елдің дамуын айшықтайтын Ұлт жоспарын түсіндіріп, көпшіліктің сауалдарына жауап берді.