ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс депутаттары Құттықожа Ыдырысов мен Бақытбек Смағұл Шиелі ауданында болды, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Алдымен аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлымен кездескен халық қалаулылары өңірдің ахуалімен танысып, құрылысы жүргізіліп жатқан білім беру ошақтары мен өндіріс орындары жұмыстарымен танысты. Алдымен, Алмалы ауылдық округіне қарасты 21 бекетте құрылысы жүргізіліп жатқан 100 орындық мектепттің құрылыс жұмысымен танысты. Аталмыш білім ордасына облыстық бюджеттен 354 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс-құрастыру жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айында толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, халық қалаулылары Ә.Тәжібаев ауылында құрылысы жүргізіліп жатқан 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Аталмыш білім ордасына облыстық бюджеттен 683 млн теңге қаржы бөлініп, келер оқу жылына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Мәжіліс депутаттары қазіргі таңда әлемде болып жатқан дағдарысқа дағбырдықпен қарамай, сабырлықпен қарап Елбасының халықтың әл-ауқаты үшін ел қазынасынан бөлінген қаржының мақсатты пайдалануы мен тиімді жұмсалуына баса назар аудару керектігін айтып, құрылысшыла рмен жүздесті.
Мұнан әрі полиэтиллен құбырларын өндіретін Кемикал ЖШС жұмысыментанысып, аудандық «Нұр Отан» партиясында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, Керделі ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.
Мұнан әрі полиэтиллен құбырларын өндіретін Кемикал ЖШС жұмысыментанысып, аудандық «Нұр Отан» партиясында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, Керделі ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.