ШИЕЛІДЕ ЖАСТАР ҰКП-НЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп Шиелі ауданында «Бүгінгі жас – ертеңгі ел болашағы» ұраны аясында жастармен кездесу өткізді.
Мақсат – жұмыссыз жастарға көмектесу. Кездесу барысында КП аудандық филиалының директоры Рысбай Нысанханов, «Даму» КДҚ облыстық филиалы, облыстық жұмыспен қамту орталығы, сондай-ақ Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің студенттер бірлестігінің өкілдері баяндама жасады.
Рысбай Нысанханов қатысушыларға өз бизнесін қалай ашуға болатынын, палата кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтынын жеткізді. «Өкінішке орай жаңадан бизнес бастағандар түрлі проблемаларға ұшырасады. Біз бастауыш жас кәсіпкерлерге ҰКП-ның қызметі, проблемаға кезіккен жағдайда бізге, палатаға қалай жүгіну керектігін айттық», - дейді ол.
Сондай-ақ келушілер еңбек нарығындағы жағдаймен, тұрғындарды жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызмет ұсыну тәртібімен танысты.