ШИЕЛІ СОТЫНДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІН» ӨТТІ
Азаматтардың сот жұмысына қатысты мұң-мұқтажын тыңдап, оңтайлы шешімін іздеуге бағытталған шара - «Ашық есік күні» үстіміздегі жылдың 7 тамызында Шиелі аудандық сотында өтті. Бұл туралы Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.
Шараға келген азаматтарды Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев қабылдады.
Қабылдауда медиация заңының кейбір мәселелері бойынша түсіндірмелер «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисінің артықшылықтары, тиімділігі жайлы сұрақтарға жауап алынды. Сондай-ақ, кент тұрғындары сот актілерінің орындалуы жайлы өз өтініштерін жеткізді. Облыстық соттың алқа төрағасы Е.Қарабаев азаматтарға заң нормаларын түсіндіріп, жауап берді.