ҰЛТ ЖОСПАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ
Шиелі аудандық сотында Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бағдарламасын насихаттау және түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жиын өтті, деп хабарлайды Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.
Аталған іс шараға Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Ө.Қарабаев, Шиелі аудандық прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімі, пробация қызметі, аудандық Әділет басқармасының өкілдері қатысты.
Облыстық соттың алқа төрағасы Е.Ө.Қарабаев заң үстемдігін және соттың ашықтығы мен жариялылығын одан әрі қамтамасыз етуге қатысты Ұлт жоспарының тармақтарына жан-жақты тоқталды. Сонымен бірге, «Сот жүйесіндегі кадрлық жүйенің өзгерістеріне тоқталып, Ұлт жоспарындағы үш буынды сот жүйесіне өту, судья лауазымына үміткерлер жасының 30 жасқа дейін жеткізілуі, сот істерін жүргізуге байланысты 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі, кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу, жеке кепілгерліктің болуы, сондай-ақ қайта тағайындалған судьяларға бір жылдық сынақ мерзімінің енгізілуі» - туралы айтып өтті. Сондай-ақ, жиында тергеу судьясымен біткен істер туралы мәліметтер берілді.
Елбасының белгілеген «100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыруға қатысты басқа да мәселелер талқыланды. Аталмыш тақырып аясында қатысушылар баяндама оқып, талқылауда белсенді қатысты.