ШИЕЛІДЕ 9 МЫҢ ТҮП САЯЛЫ АҒАШ ӨСЕТІН САЯБАҚ БАР
Шиелі шырайлана түспесе, ажарынан айырыла қоймаған. Даңқты диқан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев атындағы саябақ осыдан екі-үш жыл бұрын қолға алынғанда қолдаушылардан күмәнданушылар көп болды.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабаралуынша, Пердәлі Архабаев басшылық жасап ұйымдастырған бұл саябақта 9 мыңнан астам саялы ағаш, 9500 гүл өсіп-өніп, жайнап-жайқалып тұр. Гүлдің неше түрлі сорты бар, шафран, питунья т.б. Барлығы 2 гектар жерге орналасып көк-жасыл, қызыл-ақ түске боянған мұндай көлемді аймақты көрудің өзі де бір ғанибет. Осының бәрін не бәрі 7-8 жұмысшы ат қарады. Егеді, суғарады,тыңайтады, баптайды. Келген қонақтар қуанады, суретке түседі, демалады. Осының бәрі адамның өз қолымен өзіміз үшін жасалған. Не ексең де өсіп-өне беретін Шиелі жерінің бәрібір өзіндік киесі бары анық.