ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАТТАМА РӘСІМДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Шиелі аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімдеу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі.
Аталған шараға аудандық соттың төрағасы М.Еркінбеков, аудандық сот судьялары, сонымен бірге Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Шара барысында аудандық соттың судьясы А.Жолдыбаев 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген әкімшілік Кодексте іс жүргізу елеулі жеңілдетілгенін атап өтті. Әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша жалпы тәртіпте және қысқартылған өндіріс тәртібінде хаттамалар мен материалдарды рәсімдеу мәселелері негіз болды. Кеңесу барысында семинарға қатысушылар әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес хаттамалар мен материалдарды толық рәсімдемеу салдарынан туындайтын сұрақтарды талқылады.
Өткізілген шара қорытындысы бойынша құқық қорғау органдары тарапынан тәжірибеде қолдану үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі рәсімдеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында ұсынымдар қабылданды.