ШИЕЛІДЕ ҚҰРЫЛЫСЫ ӨТКЕН ЖЫЛЫ БАСТАЛҒАН ОРТА МЕКТЕП БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Шиелі ауданында осы кезге дейін шешімін таппай келе жатқан апаттық жағдайдағы Тәжібаев ауылындағы №214 мектеп жобалық құны 683 млн теңге, 21 бекет елді мекеніндегі №243 мектеп жобалық құны 365 млн теңге болатын мектептердің құрылыстары басталып, №243 мектеп қазан айында, ал №214 мектеп 2016 жылы пайдалануға беру жоспарлануда, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, 2014 жылы құрылысы басталған 900 орындық №50 орта мектептің құрылысы ағымдағы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Қодаманов ауылындағы балабақшаны күрделі жөндеу жұмыстарына 64 млн 39 мың теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Оқушылардың жаз мезгілінде демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Сыр ұланы» лагері ауданның тұрмысы төмен, көп балалы және жетім, жартылай жетім отбасыларының 700 баласын аудандық бюджет қаржысы есебінен демалдыру жоспарланды. Лагердің материалдық-техникалық базасы 8 млн 397 мың теңгеге жаңартылды.
Сондай-ақ, айта кету керек, аудан бойынша 37 мектеп жанынан бір мезгіл тамақсыз лагерлер ІІ ауысым бойынша ұйымдастырылып, 3417 бала тартылады деп жоспарлануда.