ШИЕЛІДЕ СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН БРИФИНГ ӨТТІ
Шиелі аудандық сотының судьясы Ә.Түбекбаева Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде сот жүйесі туралы және ҚР Президентін ұлықтау рәсімінде айтылған 5 ауқымды міндеттерді атап өтті. Бұл туралы аудандық сотта өткен брифингте хабарлады.
Брифингте Қазақстан Республикасының сот жүйесін жетілдіру бойынша Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде қойылған міндеттер туралы баяндама жасап, Елбасының қойған талаптарын түсіндірді.
Брифинг барысында судьяларға қойылатын талаптың күшейтілетіні туралы, өңірлерде сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар ашықтық пен жариялылық, ақпаратқа қолжетімділік тетіктерін жетілдіру бағытында сот жүйесінде түрлі электрондық технологиялық жаңалықтар енгізіліп, қазіргі уақытта халық игілігіне жұмыс жасалуда екенін атап өтті.
Брифинг соңында судьялар журналистердің қойылған сұрақтарына жауап берді.