МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНІҢ АТА-АНАЛАРЫНА ПСИХИЛИОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Шиелі ауданының №31 орта мектебінде «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында ата-аналар конференциясы болып өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Конференция жұмысын аудандық білім бөлімінің бас маманы Ж.Жүргенова мен «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының сектор меңгерушісі А.Кенжебаев ашып, шараның маңыздылығына тоқталды.
Айта кетейік, «Бақытты отбасы» партиялық жобасының жүзеге асырулуы «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Республикасы білім министрлігі, Отбасылық тәрбиелеу институтымен бірлескен республикалық ата-аналар конференциясы аясында «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбында арнайы сала мамандарының әдістемелік және психологиялық көмек көрсету мақсатында республика бойынша бір мезгілде өткізіліп отыр.
Конференция барысында №201 орта мектебінің психологы Г.Жұмағали мектеп бітіруші жас түлектерді Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауы үшін ата-аналарға кез келген жағдайда қиындықтарды сауатты жеңе білуге қажетті білімдер керектігін, ҰБТ уақытында және одан кейін де үрейленбей, сабырлығын сақтау бойынша кәсіби кеңес беріп, психологиялық көмегін ұсынды.