ШИЕЛІ АУДАНЫНДА « БИЗНЕС КЕҢЕСШІ» ОҚУ КУРСЫ ӨТТІ
«Атамекен» Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Шиелі ауданында жергілікті кәсіпкерлерді «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша биылғы мамыр айындағы алғашқы оқыту курсын өтті. Өз кәсібін енді ашуды жоспарлап жүрген бастамашыл тұрғындар мен оны әрі қарай дамыту ниетіндегі кәсіпкерлерге арналған бұл курста кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқытылады. Қысқа мерзімдік оқыту жобасына қатысушыларға бизнесті ашу, маркетингтік және басқарушылық қабілетті дамыту, қаржы заңдылығы секілді бизнесті сауатты жүргізуге қатысты мәселелерде тәжірибесі мол білікті тренер дәріс берді.
Қазіргі таңда ауданымызда кәсіпкерліктің қыр-сырын үйренуге деген ықылас өте жоғары. – Мұның себебі, екінші деңгейлі банктерден несие алар кезде «Бизнес-Кеңесші» оқыту курсының сертификаты маңызды роль атқарады. Өз болашағын ойлаған талапты тұрғындарға «Бизнес-Кеңесші» жобасының пайдасын тигізіп, кәсібін дамытуларына мүмкіндік беретіні даусыз. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының төртінші бағыты шеңберінде «Бизнес-Кеңесші-1» жобасы бойынша оқу семинарларынан өтем деуші азаматтардың қатары күннен-күнге артып келеді.
Аталған шараның «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шең-берінде ұйымдастырылып отыр¬ғанын айта кетейік. Жалпы, аталған жоба аясында мамыр айында Шиелі ауданы бойынша барлығы 31 азамат оқудан өтті. «Бизнес -кеңесші» жобасы алдағы айларда да жалғасады. «Бұған қызығушылық танытқан аудандағы табысты кәсіпкерлер мен өз кәсібін ашуға ниетті азаматтар толық мәліметті «Атамекен» Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Шиелі аудандық филиалы, Т. Рысқұлов көшесі №5 мекен жайдан ала алады.
«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы алдымен кәсіпкерлікті дамытудың кешенді бағдарламасы. Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты – кәсіпорындарға, әсіресе шағын және орта кәсіпорындарға көмек көрсету, бизнесті дамыту және бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға қолдау көрсету. Сондықтан да бұл бағдарламаға қатысқандар ұтпаса ұтылмайды.
Осылайша бүгінгі ел дамуындағы өзіндік үлесі зор шағын және орта бизнес өкілдеріне деген қамқорлық аясы кеңіп, оларға қол ұшын берудің жаңа тәсілдері қолға алынады деуге толық негіз бар.