ШИЕЛІЛІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Ағымдағы жылдың 05 мамырында Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, қызметтік міндетін өтеу барысында қайтыс болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің туған-туыстары, департамент басшылығы мен жеке құрам қатыстырылды.
Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысына қатысып, ішкі істер органдарында абыройлы қызмет атқарған Қосаев Тұрғанбек, Тілеуімбетов Садуақас, Ділімбетов Нәлібай, Әбуов Жүніс, Сәрсенбаев Әбдеш сынды аталарымызды, Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет етіп, қызметтік міндетін өтеу барысында қаза тапқан Есен Тұрсын, Сәбит Мұратов, Талғат Нысананбаев, Талғат Қозыбаев, Бақыткелді Ибраймов сынды қызметкерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алып, рухтарына тағзым етті.
Сонымен қатар, шара барасында Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың, Қызылорда облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары М.Шохатаевтың құттықтау сөздері тыңдалып, ҚР ІІМ-нің бұйрығымен, Қызылорда ОІІД бастығының бұйрығымен және Шиелі ауданы әкімінің шешімімен соғыс ардагерлері, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен ішкі істер бөлімінің қызметкерлері марапатталды. Бұдан бөлек, қызмет бабында қаза болған қызметкерлердің туыстарына ішкі істер бөлімінің атынан бағалы сыйлықтар табысталып, құрмет көрсетілді.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Шара барысында бейбіт елдің тыныштығын алған, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған ғаламат соғыс жайлы әндер шырқалып, арнау өлеңдер оқылды. Одан кейін соғыс ардагерлеріне, туыстарына, жиналған қонақтарға арналып мерекелік дастархан жайылып, қаза болған боздақтардың рухына бағышталып құран оқылды.