ШИЕЛІДЕ СУ ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шиеліде Жиделі топтық су құбырының №5 көтеру сорғы стансасынан Жөлек елді мекеніне дейін су құбыры, елді мекендерде бас су қабылдау қоймасы, Жиделі топтық су торабына қосу және ішкі су құбырының құрылысы жүргізілуде.
Жобада Досбол би, Алмалы, Тәжібаев, Бала би, Жөлек, Бәйгеқұм, Бидайкөл, Алғабас ауылдарындағы ауызсу жүйелерін толықтай жаңғырту қарастырылған. Бірінші кезекте Бидайкөл мен Алғабас тұр. Сондай-ақ №5 стансадан Алмалы елді мекеніне дейінгі ұзындығы 7 км болатын су тасымалдаушы магистраль құбыры жүргізілді.
Алмалы, Тәжібаев және Досбол би елді мекендерінің су тасымалдаушы тармағының және бас су қабылдау қоймасының құрылысы жүргізіледі. Бүгінде Алмалы, Тәжібаев және Жөлек ауылдарында ішкі су құбырлары салынуда.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында бүгінде Шиелі кентінің 61,6 км ішкі су құбырын жүргізу басталып, үш жерден -300, бір жерден 50 текше метрлік су көтерме мұнаралары орнатылуда. Сол арқылы тіршілік нәрінің тапшылығын жоюға мүмкіндік туады.