ШИЕЛІ АУДАНЫ ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША КӨШ БАСТАП ТҰР
Өткен жылы аудан егін шаруашылығы саласындағы көрсеткіштері бойынша Шиелі ауданы облыста 2 орынды иеленді. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Сәрсенбаев халық алдындағы есебінде мәлімдеді. Өткен жылы ауылшаруашылығы саласы бойынша 8 млрд. 620 млн. теңгенің өнімі өндірілді.
- Аудан бойынша өткен жылы 24 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды, оның ішінде 8600 гектар күріш, 1430 гектар картоп, 950 гектар көкөніс, 2196 гектар бақша дақылы. Нәтижесінде күріштің әр гектарынан 45 центнерден, картоптан 200 центнерден, көкөністен 250 центнерден, бақша дақылынан 280 центнерден өнім алынды.
Айта кету керек, аудандағы 4 ірі шаруашылық 4-5 жыл көлемінде егін шаруашылығымен айналысуда қиындықтар көріп келетін. Себебі өздеріне тиесілі барлық мүліктер мен жер телімдері банкте кепілдікте болды. Өткен жылы облыс әкімінің тікелей ықпалымен Бидайкөл, Ақмая, Төңкеріс, Бестам шаруа қожалықтарының 22 мың гектар жер телімі ҚР Бас прокурорының қаулысына сәйкес кепілден босатылды. Қазіргі таңда шаруашылық жерлері Әділет басқармасына тіркеліп, шаруаларға егінмен айналысуға қолайлы жағдай жасалды.