ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫНА ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН ҚАЙТАРДЫ
Жылқы жылы Шиелі ауданының шаруа қожалықтарына жақсы жаңалықтармен тәмамдалды. Себебі прокуратура органдары бірнеше шаруа қожалықтарының жерлерін тыйымнан босатты. Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы орталық коммуникациялар орталығында Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді.
2003 жылы «Томирис ЛТД» ЖШС құрылып, оның құрамында Шиелі ауданындағы «Шиелі авангард», «Жаңа Бестам», «Қаптағай-К», «Ынтымақ ГТ» ЖШС-мен бірігіп жұмыс істей бастаған. Сонан соң «Томирис ЛТД» ЖШС «Дихан» күріш компаниясы ЖШС болып қайта құрылады да, жоғарыда аталған шаруа қожалықтарының құрылтайшысы болып БТА банк АҚ-мен тікелей бас несиелік келісім шартқа отырып, 2,6 млрд теңгеден аса несие алған.
Шаруашылық серіктестіктердің басым бөлігінің «Дихан» күріш компаниясы ЖШС-не қарызы болмаса да, аталған компания бұл серіктестіктермен қосымша бірлескен жауапкершілік жайлы келісім шарт жасап, өз қарызын шаруашылықтарға бөліп берген.
Осыған орай, көктемде аталған 4 шаруашылық серіктестіктердің барлығының мүліктеріне, жер үлестеріне тыйым салған. Алданған шаруашылық басшылары бұған дейін барлық тиісті құзырлы орындарға өз мұң-мұқтажын айтып өтініштермен шыққан. Алайда құзырлы органдар бір-біріне сілтеумен сырғытпа жауап берумен шектелген.
Сақалды мәселеге айналған шаруаларға облыс әкімінің тікелей қолдауының арқасында серіктестіктердің жер телімдерін тыйымнан босату жөнінде прокуратура органдарының қаулысы қабылданды. Аталған шаруа қожалықтарының жер телімдері Шиелі аудандық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өтті. Бүгінгі куні шаруа қожалықтары 2015 жылдың көктемгі егіс науқанына өте жоғары ынтамен дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Шынар БЕКБАН