«ДӘРІХАНА РОБОТ» 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПРЕПАРАТТЫҢ АТАУЫН ЖАТҚА БІЛЕДІ
Шиелі ауданында ерекше дәріхана ашылды. Мұнда 10 мыңға жуық препараттың атауын білетін «дәріхана робот» деген құрылғы бар.
Дәріхана қызметкері қажетті дәрі-дәрмекке сұраныс бергеннен кейін ақылды қондырғы 8 мың препараттың ішінен қажеттісін анықтап тауып, фармацевтке жеткізеді. Сосын жеті секунд ішінде дәріхана қызметкерінің қолына тиеді. Бұрын мыңдаған препараттың ішінен керегін тауып алу біраз уақыт алатын. Тың техника бұл процесті қас-қағым сәтте орындап отыр. Фармацевтер жұмыстың жеңілдегеніне, ал, тұтынушылар уақыттың үнемделгеніне разы.
Маржанкүл Сейділдаева,
аудан тұрғыны:
- Сұраған дәрімізді дер кезінде тауып беріп жатыр. Бірден алып кетіп жатырмыз. Уақыт үнемделеді.
Итальяндық технология бойынша елімізде құрастырылған қондырғы 10 мыңға жуық препараттың атауын жатқа біледі. Оның көмегімен дәрі-дәрмектің сақталу мерзімін де қадағалауға болады.
Нұрлыбек Мырзабеков,
дәріхана иесі:
- Роботта рецеппен, дәрігердің рұқсатымен дәрілерді сақтау өте тиімді. Біз күнделікті сақталу мерзімін, қанша көлемде, қанша қалдық қалғанын көріп отырамыз.
«Дәріхана робот» 15 жыл бойы іркіліссіз жұмыс істей алады. Бұған дейін Астана мен Өскеменде іске қосылған қондырғының игілігін енді Шиелі ауданының халқы көруде.
Келешекте өңірде тың техникамен жабдықталған дәріханалар қатары көбеймек. Өйткені, мұндай робот жұмыс күші мен уақытты айтарлықтай үнемдейді.
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ,
«Қазақстан» ұлттық арнасы