ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМІ ҚАЙРАТ СӘРСЕНБАЕВ ЖАСТАРМЕН ДИДАРЛАСТЫ
Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Шиелі Самғау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастармен жарқын жүздесу» атты аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевпен белсенді жастардың кездесуі болып өтті.
Кездесу барысында аудан әкімі барлық қатысушыларға толғандырып жүрген мәселелерімен, айтар ұсыныстарымен ашық түрде бөлісуге шақырды. Кездесу соңында аудан әкімі «Егеменді еліміздің тіректері – біздің білімді әрі белсенді жастар екенін білесіздер. Сіздердің алдарыңызда тұрған міндет өте үлкен. Сапалы білім алып, жақсы жұмыс жасауларыңыз үшін барлық жағдай жасалып келеді», - деп, жастарды бірлікке шақырып, көтерілген мәселелердің шешімін табатынын жеткізді. Келелі кездесудің соңы «Мәңгілік елдің нұрлы жастары» атты патриоттық акцияға ұласты.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Шиелі ауданында аудан тұрғындарының 28 пайызын жастар құрайды. Аудан көлемінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға 2014 жылы 3 млн. теңге қаражат бөлінген.