КІРПІШ ЗАУЫТЫНДА ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР ДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Шиелі ауданындағы «Тартоғай кірпіш зауыты» кәсіпорнында 30-ға жуық адам еңбек етіп, күніне 20 мың дана, жылына 3 млн. кесек шығарады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, онда жазасын өтеушілер де жұмысқа тартылған. Кірпіш зауыты арнайы техникалармен, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда кірпіштің екі түрін шығарып отыр.
«Күйдірілген кірпіш – 27 теңгеден, күйдірілмегені 12 теңгеден сатылуда. Өнімдерімізге сұраныс жоғары. Көрші аудандарға да шығарылуда», - дейді кәсіпорын басшысы Серік Қыдыралиев.
Шынар БЕКБАН