ШИЕЛІДЕ КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАМЕН АЙНАЛЫСУШЫЛАРҒА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҮРГІЗІЛДІ
Шиелі ауданы орталығындағы «Сапаржай» автобекетіндегі көлеңкелі экономикамен айналысушылар арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиалы хабарлады.
Шынында автобекеттің қай жағына барсаңыз да, жылдың қай мезгілінде кез келген жерде сауданы қыздырып жатқандарды көресіз. «Осыған орай аудан әкімдігі, аудандық ТҚҚБ, салық басқармасы, ішкі істер бөлімі және Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиалы өкілдерінен құралған мобильді топ автобекеттегі көлеңкелі экономикамен айналысушылар арасында, салық басқармасына кәсіпкер ретінде тіркелу, арнайы сауда орындарында сауда жасау, санитарлық талаптарды сақтау және өз кәсібін дамыту мақсатында несие алу жолдарына бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - делінген хабарламада.
Насихат барысында ұйымдастырушылар көтерілген проблемалық мәселелердің шешу жолдары талқыланды.
Шынар БЕКБАН