ШИЕЛІДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК САПАРЖАЙ САЛЫНАДЫ
Шиелілік жеке кәсіпкер Үміт Бөкенбаева «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 3 млн. теңге грант алып, балық шаруашылығын дамытуға ден қойды.
Аймақтық үйлестіру кеңесі оның құны 3,6 млн. теңге болатын балық өсіру питомнигі жобасын мақұлдады. Соның нәтижесінде жаңадан 4 жұмыс орны ашылып, жылына 2,5-3 млн. шабақ өсіру жоспарланып отыр. Ал 3 млн. теңгеге жүк көлігі, шабақ өсіретін контейнер, инкубациялық аппараттар алынып, бүгінде карп тұқымдас 500 мың су маржаны, 300 мың ақ амур балығы өсірілуде.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аймақтық үйлестіру кеңесі биыл индустрияландыру картасы шеңберінде 1 млрд. 618 млн. теңгенің 4 жобасын мақұлдаған. Мысалы, «Шиелі сапаржайы» ЖШС халықаралық туристік сапаржай салуды, «Шиелі тас» ЖШС силикат кірпіштерін өндіруді жоспарлаған.