ҚҰРБАНДЫҚҚА ШАЛҒАН ҚОЙДЫҢ ТІЛІНЕ ЖҮЗІК ТАҒЫЛҒАН
Шиелі ауданының тұрғыны құрбандыққа шалған қойының тілінен алтын жүзік шыққан. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әбдірахман Ыбыраев құрбан айт қарсаңында сәрсенбі базарына барып құрбандыққа шалуға мал алады. Базардан алған малын әкесінің үйіне әкеліп, құрбан айтқа бағыштап шалады.
Мал етінің үштен бірін және басын шаңыраққа алып қалып, қалғанын жоқ-жітіктерге таратып береді. Басын үйітіп болып, жағын айырып, тісін қаққалы жатқанда күтпеген жағдайға тап болады. Қойдың тіліне алтын жүзік жабысып тұр екен. Тілдің ортасындағы ойыққа сіресіп қатып қалған. «Шамасы қозы шағында қолдап сүт бергендіктен бе, әйтеуір, жабысқанына біраз уақыт болған. Бәлкім, алтын жүзік сол кезде саусақтан сырғып түсіп тілге байланды ма, бір жұмбақ», - дейді Ә.Ыбыраев.
Шынар БЕКБАН