ШИЕЛІ АУДАНЫНДА «АЛТЫН КҮЗ - 2014» МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Шиелі ауданында «Алтын күз-2014» мерекесі аясында «Мәңгілік ел киелі-өркендеген Шиелі» атты мерекелік шаралар өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазан айының 10-12 аралығында өтететін шаралар алдымен Қоғалы ауылдық округінен бастау алды. Ботабай елді мекенінде орналасқан № 228 қазақ орта мектебіне Сыр бойынан шыққан абзал азамат, мемлекет және қоғам қайраткері, халық шаруашылығының маманы Шәймерден Бәкірұлының есімі беріліп, оқу орын алдына бюсті орнатылды. Шараға Республикамыздың түкпір-түкпірінен қонақтар келді. Шара аясында алғы сөзді алған аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы біртуар азамат Шәймерден Бәкірұлы жайлы,ол кісінің өнегелі істеріне тоқтала кетсе, Шәймерден Бәкірұлымен ағайын-туыстарымен үзеңгілес, қызметтес болған замандастары естеліктер айтты.
Шара соңы Қызылорда қаласы студенттер сарайында Шәймерден Бәкіровке арналған «Ізгіліктің нұрын сепкен тұлға» атты ғылыми-танымдық конференцияға ұласты.
Шынар БЕКБАН