ШИЕЛІДЕ "ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ: ҚОҒАМҒА ӘСЕРІ МЕН ЗИЯНЫ" АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
"Қазақылықтың атамекені" қоғамдық қоры Шиеліде "Әлеуметтік желі: қоғамға әсері мен зияны" атты кездесу өткізді.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік жобасы аясында "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылған шараны аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов жүргізді. Күн тәртібінде діни тұрақтылық және қоғамдық саяси ахуалға кері әсерін тигізетін арандату, тұтастық пен тұрақтылықты бұзу бағытында материалдар жарияланған жағдайда заң аясында қолданылатын шаралар, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану механизмдері туралы мәселелер қаралды.
Әлеуметтік желіде теріс ой қалыптастыратын ақпараттарға талдау жасалып, жиынға қатысушыларға әлеуметтік желінің тиімді пайдалану механизмдері түсіндірілді.
Әлеуметтік желіде теріс ой қалыптастыратын ақпараттарға талдау жасалып, жиынға қатысушыларға әлеуметтік желінің тиімді пайдалану механизмдері түсіндірілді.