ШИЕЛІ ШҰБАТЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ НЕДЕ?
Шиелідегі «Ару ана» цехында түйе сүтін сүзгіден өткізіп, арнайы құтыға құйып, сатылымға шығаруда. Сабыр Ермахановтың бастамасымен ашылған шұбат өңдеу цехы бүгінде 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр, деп жазады «Халық» газеті.
Жобалық құны 45 млн. теңгені құрайтын бастамаға қаржыны кәсіпкер қалтасынан шығарған. Ешқандай мемлекеттік бағдарламаға иек артпаған.
Пластмасса бөтелкеге құйылған шұбат толық екі айға жарамды. «Бұл жоба Алматы қаласындағы агроуниверситет ғалымдарымен зерттелген. Биология ғылымының докторы, аталмыш ЖОО-ның кафедра меңгерушісі Әсия Серікбаева өз шәкірттерімен бірге үлкен іс бітірді. Осындағы мамандардың барлығы ғалымдардың дәрісін тыңдап, тағылымдамадан өтіп қайтқан. Зерттеулерге сүйеніп 5 компоненттен тұратын жаңа ашытқы шығарылды. Қазір шұбаттың айнымай сақталуын 3 айға ұзартуды жоспарлап отырмыз», - дейді цехтың технолог маманы Баян Дүйсенбекқызы.