ШИЕЛІДЕ ШЫҒАРЫЛАТЫН ҚҰБЫРЛАР ЖОҒАРЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ
Шиелідегі «ҚМК Кемикал» ЖШС цехында шығарылатын полиэтилендік пластмассалы құбырлар, әсіресе, сукернеуіш құбырлар жоғары сұранысқа ие. Өйткені ол жер астында жарты ғасыр жатса да, тоттанбайды, шірімейді.
Республикалық «Халық» газеті жазғандай, жалпы, кәсіпорында құбырлардың бірнеше түрі шығарылады. Полиэтилен құбырлардың кеңінен қолданылуы кездейсоқ емес. Қолайлы әрі тиімді бағада болған соң оны коммуналдық жүйелерді жүргізуге көптеп алады.
Кәсіпорын алдағы уақытта өндіріс көлемін одан әрі ұлғайтуды көздеп отыр. Соған сәйкес ұсыныс та арта түседі деген сенім бар. Айтпақшы, кәсіпорын басшылығы жақында мемлекеттік тендерлерге қатысамыз деп жоспарлауда.