ШИЕЛІДЕ «МЕДИАЦИЯ КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылдану күні қарсаңында Қазақстан Халқы Ассамблеясымен бірлесіп, еліміздің барлық өңірінде «Медиация күні» республикалық акциясын өткізу жоспарланған.
Осы мақсатта Шиелі аудандық сотының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің, аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымының өкілдерінің қолдауымен «Медиация күні» акциясына арналған салтанатты жиын өткізілді.
Аталған шараға Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А.Есмаханов, Шиелі аудандық сотының судьялары А.Тубекбаева, А.Жолдыбаев, Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің, аудандық прокуратураның қызметкерлері, Шиелі ауданының кәсіби және кәсіби емес медиаторлары, аудан көлеміндегі ауылдық округтердің заңгер мамандары, ауылдық ақсақалдар кеңестерінің төрағалары, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.
Салтанатты жиынды аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов ашып, дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын атап өтті.
Жиын барысында аудандық сот судьясы А.Түбекбаева «Медиация немесе дауды баламалы шешу» артықшылығы» тақырыбында баяндама жасап, медиацияның шығу тарихы, Қазақстанда «Медиация туралы» Заңның қабылдануы, оның жүзеге асырылуы, медиацияның қолданылуы, оның негізгі артықшылықтары, қағидаларына, сот ісін жүргізуде медиацияны қолдану ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар судья А.Түбекбаева аудандық сот өндірісінде медиация тәртібімен дауды реттеу арқылы аяқталған істерге тоқталды.
Ауылдық округ әкімдіктері жанындағы медиаторлар өздерінің қызметін жүзеге асыру барысында кездесетін көкейтесті мәселелерін көтерді.
Шара соңында медиация рәсімінің кеңінен дамуына, тараптарды дауды бейбіт жолмен реттеуіне зор үлесін қосқан Шиелі кентінің кәсіби емес медиаторы Ә.Батырбаев Шиелі ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі