РУСЛАН БӨЛЕБАЙҒА ТУҒАН ЖЕРІНДЕ КӨШЕ АТАУЫ БЕРІЛДІ
Шиелі ауданында жасындай жарқырап өткен шоқжұлдыз Руслан Бөлебайды еске алуға арналған шара өтті. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында талай белестерді бағындырып үлгерген тележурналисттің есіміне кент орталығынан көше берілді, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Көшенің ашылу салтанатына марқұмның көзі тірісінде араласқан жолдастары мен қызметтес әріптестері, өнердегі әпкелері мен бауырлары, аудан жұртшылығы жиылды. Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев жалындаған жастығын журналистика мен өнер саласына арнаған, қысқа ғұмыры ішінде журналистика саласына өзіндік қолтаңба салғанын тілге тиек етіп, ашылған көше Русланның рухы мәңгі ел жадында сақталатынын жеткізді.
Сондай-ақ Русланның рухына арналып ас беріліп, М.Шоқай атындағы алаңда «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты еске алу концерттік кеш ұйымдастырылды. Кеште аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов Руслан Бөлебайдың өмірі мен қысқа ғұмыры ішінде жеткен жетістіктеріне тоқталды.
Концерттік шарада танымал өнер жұлдыздары Майра Ілиясова, Роза Әлқожа, Нұржан Қалжан мен аудан өнерпаздары ән салып, аудан жұртшылығына әсерлі кеш сыйлады.