ШИЕЛІ ЖАСТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
"Нұр Отан" партиясы, Шиелі аудандық филиалы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының кезекті ХІ есеп-беру конференциясы болып өтті.
Конференцияны "Жас Отан" жастар қанаты Шиелі аудандық бөлімші басшысы, аудандық маслихат депутаты Айдана Маманова жүргізді. Аталмыш шараға "Жас Отан" жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Абылайхан Сабанбаев келіп қатысты. Күн тәртібінде "Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" жастар қанаты аудандық филиалының 2015 жылы атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды. Сонан соң Айдана Маманова "Жас Отан" жастар қанатында 5 жылға жуық жұмыс жасап, өзінің білімі мен біліктілігін көрсетіп, аудандағы көптеген шараларды жүргізгендігі үшін Абылайхан Сабанбаев "Алғыс хатпен" марапаттады. Күн тәртібіндегі 2015 жылдың есебін Айдана Маманова беріп, ауданның белсенді жастары Ақсамал Рысбаеваны "Жас Отан" жастар қанатының аудандық бөлімше басшысы етіп сайлады.